Қаңтар оқиғасын зерттейтін қоғамдық комиссия Атырауға келді

19 Ақпан 2022, 10:45
1925
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасын зерттейтін қоғамдық комиссия Атырауға келді

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраулық азаматтардың арыз-шағымын тыңдауға адвокат, қоғамдық комиссияның төрайымы Айман Омарова іссапармен келді. Заңгердің сөзінше, атыраулықтардан жиырмадан астам арыз-шағым түскен.

Атырау облысы халқынан шағымдар түсті. Сөздерінше бұл өңірде де адам құқықтары бұзылып жатыр. Уақыт аз болса да халық үшін бүгін аяқ астынан келдік. Азаматтардың шағымы бойынша Атырау облыстық прокуратурасында  жиын өткіземіз, – дейді адвокат Айман Омарова. 

Құқық қорғаушылар мен қылмыстық іс жүргізуші заңгерлерлен құралған қоғамдық комиссияның негізгі мақсаты қаңтар оқиғасын толыққанды зерттеу. 

Біздің мақсат – нақты хронология жасау. Неге мұндай қанды оқиға болды? Оған не себеп болды? Қандай қылмыстық құрамдар болды? Міне, осыны толық зерттеу. Бірақ адам құқығы бұзылып жатса, біз көрмегендей өте шықпаймыз. Сол үшін республиканың біраз аймағына барып жүрміз. Барлығын халықтан естиік деп отырмыз. Сондай-ақ біздің қоғамдық комиссия біреуді кінәлі, не кінәсіз деп те айта алмайды. Оны алдымен  тергеп, содан соң сот болады.  Біз бұлтартпау шарасын өзгертуе болатын болса ғана өтініш айтып жатырмыз. Бір өңірде 45, бірінде 20, әр өңірде әртүрлі азамат бұлтартпау шарасы бойынша босап шықты. Мұның барлығын өзегртіп жатқан прокуратура. Біз тек өтініш айтамыз, – дейді Айман Омарова.

 

Өзгелердің жаңалығы