Қаңтар оқиғасын қалай атауымыз керек? Президент жауабы

17 Ақпан 2022, 20:42
1469
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасын қалай атауымыз керек? Президент жауабы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы оқиғаларды қалай сипаттауымыз қажет деген сұраққа жауап берді.

Бұл оқиғаны ел ішінде әртүрлі атап жүргенін білемін. Қалай болғанда да біз қаралы, қасіретті күндерді бастан өткердік. Оны мойындауымыз керек. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде көптеген сынаққа тап болдық, оның бәрін ел болып еңсердік. Бірақ, дәл осындай қарақшылардың қатігез әрекетін көрген жоқпыз. Еліне, жеріне адал қызмет ететін, нағыз отаншыл азаматтар мұндай опасыздыққа бармайды. Бұл – анық нәрсе,-деді Тоқаев.

Сонымен қатар ол жағдайды өздерінің жеке мүддесіне пайдаланғысы келген адамдар төңкеріс жасауға талпынғанын жеткізді.

Француз тілінде осындай әрекетті coup d’etat деп айтады. Бұл – төңкеріс деген сөз. Елдігімізге, мемлекеттік тұтастығымызға, халқымыздың қауіпсіздігіне қарсы жасалған әрекет болды. Әрине, халыққа әлі де көп нәрсе түсініксіз. Қарапайым азаматтар өздерінің сүйікті қаласын өз қолымен қиратпайтыны белгілі. Қарақшылар, лаңкестер Алматыға сырттан келді. Мақсат белгілі: кісі өлтіру, қорқыту, дүкендерді тонау, әйелдерді зорлау, ақыр соңында билікті құлату,-деді президент.

 

Өзгелердің жаңалығы