Қаңтар оқиғасы. Уақытша ұстау изоляторынан 103 адам босатылды – Бас прокуратура

4 Ақпан 2022, 20:14
1648
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Уақытша ұстау изоляторынан 103 адам босатылды – Бас прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратура қаңтар оқиғасына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың сөзінше, күдіктілерді қамауға алу мәселесін қарастыру кезінде олардың әрқайсысының іс-әрекеті жеке басының кінәсін мойындау және тергеуге көмек көрсету ескеріледі.

Осындай негіздермен прокурорлар күдіктіні қамауға алу туралы 11 ұсынысты қолдамады. Өз кезегінде сот 80 күдіктіні қамауға алудан бас тартты. Уақытша ұстау изоляторынан 103 адам босатылды, - деп айтты ол.

Сонымен қатар бұрын қамауға алынғандардың бұлтартпау шараларын жеңілдетіп жатырмыз. 

Мысалы, прокурорлар Алматы қаласында 59, Қызылорда облысында 3 және ШҚО-да бір қамаудан босатты. Олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Сол сияқты қызылордалық прокурорлардың талабы бойынша сот санкциясымен 3 адам үйқамаққа жіберілді, - деп түсіндірді Елдос Қилымжанов.

Өзгелердің жаңалығы