Қаңтар оқиғасы. Тергеу изоляторында қанша адам жатыр?

2 Наурыз 2022, 14:43
1231
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Тергеу изоляторында қанша адам жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі  бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айты.

Бас прокуратура қамауда отырған адамдарды ұстау жағдайларына тексеру жүргізеді. Қазіргі уақытта тергеу изоляторында 751 адам ұсталып отыр. Күдіктілер ұсталатын үй-жайларды күн сайын прокурорлар ғана емес, құқық қорғау органдары да тексереді. Үйлестіру кеңесінің мүшелері мен Адам құқығы жөніндегі уәкіл өңірлерде тергеу және уақытша ұстау изоляторларында 118 кездесу өткізді, - деді ол. 

Қилымжанов атап өткендей, олар ұстау жағдайларына, санитарлық нормаға, тамақтану мен дәрі-дәрмектермен жабдықтауға назар аударды. 

Прокуратура органдары бұрын бұлтартпау шараларына қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жеке басы мен тергеу мәселесін ескере отырып, 199 күдіктіге бұлтартпау шарасы орындалды, - деді Елдос Қилымжанов. 

Өзгелердің жаңалығы