Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Мүліктік сипаттағы қылмыстармен қатар ІІМ қаңтар оқиғаларындағы адамдардың қайтыс болуы мен жарақат алу фактілері тергеліп жатыр. Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша 1726 адам, оның ішінде 673-і оқ-дәрі жарақаттарымен, 469-ы пышақталған және тесілген жарақатпен, 463-і дене жарақатымен медициналық көмекке жүгінген. Олардың басым бөлігі Алматыда тіркелген, - деді ол.
Әділов келтірілген мәліметтер тек азаматтық тұлғаларға қатысты екенін айтты.
Олардың бірқатары мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге шабуыл жасау кезінде алғаны күмәнсіз. Негізінен, осы бейнежазбалар дәлелдейді. Басқа жағдайлар бойынша дене жарақатын алудың мән-жайлары тергеліп жатыр, - деді Санжар Әділов.