Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен 1491 ШОБ субъектілері өтемақы алды

19 Сәуір 2022, 09:31
1547
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен 1491 ШОБ субъектілері өтемақы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басындағы тәртіпсіздік кезінде еліміз бойынша 1630 шағын және орта бизнес субъектісі қираған.

Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.

Бүгінгі күні қаңтар оқиғаларының нәтижесінде алдын ала деректер бойынша 1 630 ШОБ субъектісі зардап шекті. Оларға шамамен 38,6 млрд теңге сомасына залал келтірілді. Бүгінгі күні 1 491 ШОБ субъектісі жалпы сомасы 8,3 млрд теңгеге төлем алды, -деді Жақсылықов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру проблемаларының бірі қолайсыз реттегіш жүйе және шектен тыс әкімшілік жүктеме болып табылады.

Аталған проблеманы шешу үшін былтыр 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа Реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Бизнеске арналған талаптарды қайта қарау бойынша жұмыс екі кезеңде жүргізіледі, -деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Өзгелердің жаңалығы