Қаңтар оқиғасы кезінде қанша адам қаза тапқаны белгілі болды

16 Тамыз 2022, 16:41
3284
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы кезінде қанша адам қаза тапқаны белгілі болды

Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов  Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қаңтар оқиасы кезінде 238 адам қаза болды. Олардың ішінде қылмыскерлер мен кінәсіз адамдар да бар. Біз әрбір деректі жан-жақты қарап жатырмыз. Бүгінгі күнде біз 176 адамның қаза болуы мән-жайын анықтадық. Тергеу жалғасып жатыр. Оның ішінде Алматы қаласы, Алматы облысы және Жамбыл, Қызылорда облыстарында қаза болған 19 күштік құрылым қызметкері бар. Аталған қызметкерлер өз міндетін орындау барысында қаза тапты, - деді ол. 

Қилымжанов атағандай, олардың ішінде жаппай ұрып-соғуға тап болғандар да бар. 

Құқық қорғау қызметкерлері, жаппай ұрып-соғу, көлік құралдарымен басып өту, қарусыз бола тұра тікелей оқ ату нәтижесінде қаза болды. Мәселен, Алматы әкімдігінің ғимаратын күзетуге қатысқан қарусыз әскери қызметші, подполковник Хайыровтың өлімі кезінде ерекше қатыгездік көрініс тапты. Оны мәйіті ғимараттың шатырында анықталды. Зорлық-зомбылықпен өлтірілген дененің айғақтарын жою үшін өртеп жіберген. 39 жастағы офицердің  кәмелетке толмаған 2 баласы қалды, - деді Қилымжанов. 

Ол атағандай, қоғамдық орындарға жасалған қарулы шабуыл кезінде 92 адам қаза тапты. 

Өзгелердің жаңалығы