Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің жалпы отырсында Депутат Берік Бекжанов бас прокуратурадан қаңтар оқиғасына қатысы бар қанша террорлық-экстремистік ұйым анықталғанын және олар бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын сұрады.
Депутаттың сауалына Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров жауап берді.
Арнайы прокурорлар қызметінде деструктивті діни ағымдарының 10 өкілі және тыйым салынған экстремистік ұйымдардың 20 мүшесі күдікті деп танылды. Деструктивті ағымды ұстанушы 9 адам қамауға алынды, біреуі іздеуде жүр. Біреуіне әкімшілік ғимаратын басып алу, екіншісіне қаруды ұрлау бойынша күдік келтірілген. 8 адамға жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдік келтірілді,-деді ол.
Ожаров сондай-ақ экстремистік ұйымдардың 20 мүшесінің 19-ы қамауға алынғанын, біреуі ешқайда кетпку туралы қолхатта екенін жеткізді.
Олар жаппай тәрітпсіздік ісі бойынша қаралуда. Бұл адамдардың басқа да қылмысқа қатысы барын тексерудеміз. Ал, Қазақстандағы экстремистік ағымдарды анықтауға келер болсақ, ол ҰҚК мен ІІМ-нің құзіретінде,-деді Ризабек Ожаров.