Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаңтар оқиғасы бойынша 4642 қылмыстық іс қозғалды. 971 істің өндірісі аяқталды. Оның ішінде 609 айыпталушыға қатысты іс соттарға жолданды. 539 айыпталушыға қатысты сот үкім шығарды. Олардың 425-сі бас бостандығын шектеуге және 104-і ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Қазір полиция тергеушілерінің өндірісінде 276 іс бар. Жалпы бүгінгі таңға дейін полиция тергеушілері 40 мыңға жуық тергеу жүргізді. 15 мыңнан астам азаматтан жауып алынып, 2500 сараптама тағайындалды, - деді Әділов.
Ол атағандай, зардап шеккен азаматтарған 360 млн теңге сомаға жуық бағаланған залалды өтеу қамтамасыз етілді.
Оның ішінде сотқа дейінгі тергеу және істерді сотта қарау сатысында күдіктілер жәбірленушілерге 15 млн теңгеден астам сомаға залалды өтеді. ІІМ сотқа дейінгі тергеу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп жатыр, - деді ол.