Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 2 961 қылмыстық іс бар (олардың ішінде мерзімінің өтуіне байланысты үзілгендердің саны – 1997), олар бойынша төтенше жағдай кезеңінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 176 күдікті күзетпен ұсталуда. Бұл ретте бұрын күзетпен ұсталған 245 адам жасалған қылмыстың ауырлығын және жеке басының мінездемесін ескере отырып, қамаудан босатылды, - деді Әділов.
Оның айтуынша, бұл бұрын сотталмаған және өз еркімен келтірген залалдың орнын толтырған азаматтар.
Оларға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат беру (68), кепіл (77), үйқамақ (94) және жеке кепілгерлік (11) қолданылды. Жалпы күдікті адамдардың көпшілігіне қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған жоқ. Барлығы 1 700 жеке және заңды тұлға қылмыстық істер бойынша жәбірленуші болып танылды, 13 мыңнан астам азаматтан куә және жәбірленуші ретінде жауап алынды, 2400-нан астам сараптама тағайындалдығ – деді Санжар Әділов.