Қаңтар оқиғасы бойынша 19 шетелдік азамат тергеліп жатыр – прокуратура

14 Наурыз 2022, 12:48
1344
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы бойынша 19 шетелдік азамат тергеліп жатыр – прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің жалпы отырсында депутат Асқарбек Үйсімбаев бас прокуратураға "Қаңтар оқиғасында терроризм бойынша шетелдік азаматтар ұсталды ма?" деген сауал қойды.

Бас прокуратураның Қылмыстық істерді қадағалау қызметінің басшысы Серік Шалабаевтың айтуынша, қылмыстық өндіріс бойынша 19 шетелдік азамат қаралып жатыр екен.

Олардың 11-і Өзбекстан азаматы, 4-уі Ресей, 2-уі Қырғызстан, Қытайдан – 1, Тәжікстаннан – 1 азамат бар. Бұл азаматтар жаппай тәртіпсіздікке қатысқан, ұрлық және басқа да қылмыс жасағаны үшін айыпталуды. Бұл мәліметтер түпкілікті емес, тергеу әлі де жүріп жатыр, – деді Шалабаев. 
 

Өзгелердің жаңалығы