Қаңтар оқиғасы. Азаптау істерін тергеу прокурорларға берілуі мүмкін

7 Қыркүйек 2022, 12:49
1088
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Азаптау істерін тергеу прокурорларға берілуі мүмкін

Жақында азаптауларды тергейтін прокурорларға арнайы семинар өткізу көзделіп отыр, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.  

Қаңтар оқиғасы азаптауға қатысты маңызды мәселелерді айқындады. Біз негізігі күштерімізді азаптаудың себептері мен шарттарын анықтауға бағыттадық. Ұсталған адам құқығын қорғайтын ең тиімді тетіктің бөлігі қызметтік бөлмелерде бейнебақылау камераларының орнатылуы болды. Бұл мәселені тексердік. Ол бойынша тергеу органдарында тергеу камераларына көрінбейтін 5 мыңнан астам аймақтар анықталды. Орнатылған камералардың жұмыс істемеуі мен камера орнатылмаған деректер бойынша құқық қорғау органдарына прокурорлық қадағалау актілерін енгіздік, - деді ол. 

Шындалиев атағандай, бейнежазбаларды пайдалану туралы бірыңғай ереже мен жұмыс істейтін прокурордың тәртібі енгізілген. 

Прокурорлар күнделікті қылмыстық қудалау органдарының бөлмелерін аралап, тексереді. Заңсыз қамалған адамдар болса, оларды тез арада босатады. Бұл жұмыстың нәтижесінде биылғы 8 айда 600-ден астам адам босатылды. Заңға енгізілген өзгерістер туралы айтатын болсақ, қазір Мәжілісте прокурорға азаптау істерін тергеу өкілеттігін беру туралы заң қарастырылып жатыр. Бүгін бірінші оқылымнан өтті. Ол түзетулерді күтпей, оны іске асыратын Бас прокурордың нұсқаулығын әзірледік. Жақында азаптауларды тергейтін прокурорларға арнайы семинар өткізу көзделіп отыр, - деді Әсет Шындалиев. 

Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурордың  орынбасары Әсет Шындалиев «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы жөнінде баяндады. 

Өзгелердің жаңалығы