Қаңтар оқиғасы. Алматыда құқық қорғаушылар қамалғандармен кездесті

3 Ақпан 2022, 18:19
2628
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Алматыда құқық қорғаушылар қамалғандармен кездесті

Алматы, BAQ.KZ. «Қаңтар оқиғасы» кезіндегі жаппай тәртіпсіздіктерден кейін Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты тергеу изоляторына жеткізілгендер саны күрт өсті. Осыған орай аталған мекемеге құқық қорғаушылар келіп, күдіктілерден жауап алып және адам құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйым өкілдерінің  күдіктілерді ұстау жағдайын қадағалауда.

Бұл бағытта ҚАЖ департаменті мен мекеме басшылығы құқық қорғаушылардың нәтижелі жұмыс істеуіне қолайлы жағдай тудыруда. Атап айтқанда Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЛА-155/18 мекемесіне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әбілқасымқызы Азимова, «Адам құқығына арналған хартия» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетова келіп, ұсталғандармен жан-жақты әңгіме өткізді.

Қаңтар оқиғасы. Алматыда құқық қорғаушылар қамалғандармен кездесті

Тергеу изоляторына жеткізілгендердің арасында кәмелеттік жасқа толмаған  жасөспірімнің болуына орай Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Сайнның нұсқауымен жасөспірімнің жағдайын білуге  белгілі сарапшылар тобы келіп, тергеу қамауындағы жасөспірімді ұстау жағдайымен танысқан болатын. 

Сондай-ақ, ЛА-155/18 мекемесіндегі тергеу қамауындағылардың жағдайы Қоғамдық бақылау комиссиясы өкілдерінің де жіті назарында. Мекемеге жуырда Алматы қаласы және Алматы облысы  бойынша Қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы Ардақ Жанәбілова келіп, тұтқындармен бетпе-бет әңгімелесті. Құқық қорғаушылар тергеу изоляторының медицина-санитарлық бөлімінде ем алып жатқан жаралы күдіктілермен де кездесті,-деп хабарлады Алматы қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Бүгінде қаңтардағы қақтығыс кезінде қамауға алынғандарға көмектесу мақсатында құрылған «Аманат» қорының өкілдері мен құрамында белгілі құқық қорғаушылар, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша маманданған заңгерлер бар тәуелсіз комиссия мүшелері тергеу изоляторына қамалған күдіктілерге жан-жақты құқықтық көмек көрсетуде.
 

Өзгелердің жаңалығы