«Қаңтар оқиғасы». 52 адам сотталды

21 Ақпан 2022, 14:38
2505
Бөлісу:
«Қаңтар оқиғасы».  52 адам сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Бүгін елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отрып 52 адамды соттады: олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға, ал 2 адамға қатысты тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды, - деді Санжар Әділов. 

Ол қаңтар оқиғаларын қанша адам тергеп жатқанын айтты. 

Республика көлемінде қаңтар оқиғаларын тергеуге 500-ден аса ішкі істер органдары қызметкерлері тартылды, олардың ішінде тергеушілер, жедел қызметкерлер және криминалисттер. Ішкі істер министрлігі орталық аппаратынан жергілікті жерлерге тәжірибелі қызметкерлер жіберілді. Бірқатар қызметкер арнайы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық жедел тергеу топтарының құрамдарына қосылды және олармен бірге жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушыларын анықтау бойынша жұмыс істеп жатыр, - деді ол. 

Әділов атағандай, аталған топтар жұмысының нәтижелері бас прокуратура өкілімен айтылды.

Өзгелердің жаңалығы