Қаңтар оқиғасы. 445 адам сотталып кетті

30 Маусым 2022, 17:16
1323
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. 445 адам сотталып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 392 қылмыстық іс жолданды. Олар бойынша 445 адам сотталды. Билік өкілдеріне қарсы күш қолданып, мүлікті жоюға байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген, өтелмеген соттылығы бар 46 отталушы бас бостандығынан айырылудың нақты мерзіміне сотталды. Қазіргі таңда 514 күдікті қамауда жатыр. Олар ғимараттарды өрттеуге, атыс қаруларын жымқыруға, құрылымдық күш қызметкерлеріне белсенді атсалысқан, - деді Қилымжанов. 

Оның айтуынша, әрбір қамауға алынған адам бойынша қылмысқа қатыстылығы бойынша барлық ақпарат бар. 

Олардың қорғалу құқығы, санитарлық норма мен дәрі-дәрмектің берілуі тиісті деңгейде ескеріліп отыр. Қамаудағылардың жеке басын, денсаулық жағдайын ескере отырып, 284 адамның қамауда ұстау бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге үйқамаққа алуға ауыстырылды, - деді ол. 

Қилымжанов атағандай, қылмыстық органдары Қаңтар оқиғасы бойынша құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы