Қаңтар оқиғасы. 174 күдіктіге қатысты қылмыстық іс айыптау актісімен аяқтады

2 Наурыз 2022, 14:57
1158
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. 174 күдіктіге қатысты қылмыстық іс айыптау актісімен аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының істері бойынша қамаққа алынғандар арасында денсаулыққа шағымданатын адамдар жоқ. Оларға адвокаттардың, туыстардың және құқық қорғаушылардың келуіне кедергісіз рұқсат қамтамасыз етілді, - деді Әділов. 

Ол атап өткендей, ішкі істер органдары қаңтар оқиғалары бойынша 174 күдіктіге қатысты қылмыстық істерді айыптау актісімен аяқтады. 

Ішкі істер органдарының қызметкерлері жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрлықтарды, тонауларды жасаған адамдарды анықтау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Тек өткен апта ішінде мүлікті және қаруды ұрлау фактілері бойынша 7 күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамаққа алынды, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы