Қаңтар оқиғаларына неге курсанттар қатысты? Қорғаныс министрлігінің жауабы

3 Мамыр 2022, 14:12
1074
Бөлісу:
Қаңтар оқиғаларына неге курсанттар қатысты? Қорғаныс министрлігінің жауабы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов   ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Курсанттар әскери қызметші болып есептеледі. Оған мәртебе мен бірқатар жауапкершілік артылады. Қаңтар оқиғаларына 3-4-5-курстарының курсанттары тартылды. 1-2 –курс курсанттары қатыспады. Оларды неге тартты? Біріншіден, республика бойынша төтенше жағдай жарияланып, коменданттар тағайындалды. Сол коменданттардың шешімімен курсанттар тартылды. Олардың шешіміне қазір мен жауап бере алмаймын. Өңірлердегі жағдайларға келетін болсақ, олар да төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асырды, - деді Қамалетдинов. 

Өз кезегінде Қорғаныс министрлігінің өкілі қалаларда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жеке құрамды бөлу Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. 

Әскери бөлімдердің оқу орындарынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнайы лимит бар. Оның аясында курсанттар қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталды, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы