Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау бүгін басталады

29 Желтоқсан 2023, 19:20
599
Бөлісу:
Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау бүгін басталады
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 29 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz.

сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Өзгелердің жаңалығы