Қаңтар айында іскерлік белсенділік индексі 49,7 белгісіне дейін көтерілді

2 Ақпан 2024, 19:22
442
Бөлісу:
Қаңтар айында іскерлік белсенділік индексі 49,7 белгісіне дейін көтерілді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қаңтар айында іскерлік белсенділік индексі 49,7 белгісіне дейін көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің жақсара түсуі индекстің динамикасына әсер етті. Мұнда индекс өсу аймағына өтіп, 50,6 (2023 жылғы желтоқсанда – 48,1) болды. Өндірісте де көрсеткіш 50,5-ке дейін (2023 жылғы желтоқсандағы 51,7-ден) төмендегеніне қарамастан, оң аймақта болды.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен құрылыста іскерлік белсенділік төмендеді. Мұнда индекстер тиісінше 45,7 және 46,8 болды (2023 жылғы желтоқсанда – тиісінше 49,8 және 46,6). Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі тауар-материалдық қорлардың көлемінен басқа, барлық құрауыштар бұл секторларда нашарлады, - деді Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин.

Қазіргі және болашақ бизнес жағдайларды бағалау көрсеткіші айтарлықтай өзгерген жоқ. Қазіргі және болашақ бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 9,1 (2023 жылғы желтоқсанда – 9,2) болды.

Өзгелердің жаңалығы