Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің шағын болуы, импорттық тұқым құнының жоғарлылығы, фермерлердің техникалық жарақтандырылуының төмен деңгейі және сумен қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларға байланысты 90-жылдардан бастап қант қызылшасының егіс алқабы 85 мың гектардан 11,6 мың гектарға дейін төмендеді.Талдау көрсеткендей, басқа дақылдарды (мысалға, картоп, жүгері) өсірудің пайдалылығы қант қызылшасына қарағанда бірнеше есе жоғары, - деді Тамабек.
Ол атағандай, республика бойынша қантты тұтыну жылына 532 мың тоннаны, яғни қант қызылшасы есебінен қамтамасыз ету деңгейі 7%-ды, отандық зауыттардың құрғақ қантын өңдеу есебінен – 35%-ды, қант импорты есебінен -58%-ды құрайды.
Алайда елімізде қант саласының табысты дамуы үшін негізгі алғышарттар бар, олар - суармалы жерлердің болуы, ішкі нарықтың үлкен сыйымдылығы, қажеттілікті қамтамасыз етуге қабілетті жұмыс істеп тұрған 4 зауыттың жүктеу қуатының толық пайдаланылмауы және жұмыс күшінің болуы.Технологиялық жабдықтардың тозуына, зауыттардың несиелерінің көптігіне және айналым қаражатының тапшылығына, көрші елдер қолданатын баға демпингіне байланысты отандық зауыттардың жүктеме қуаттылығының төмендігі сақталып отыр, - деді ол.
Вице-министр атағандай, негізгі экспорттаушы елдердің қант экспортына қабылдаған шектеу шаралары ішкі нарықта дүрбелең тудырды.
Бүгін егіс алқаптарына, өнімділікке, шикізаттың қажетті көлеміне жүргізілген талдау негізінде қолданыстағы қант зауыттары мен оларды кеңейту жөніндегі жоспарларға байланысты, қант өндірісін ұлғайтуға бағытталған 2026 жылға дейінгі саланың индикаторлары айқындалды. 250 мың тонна көлемінде қант өндіру үшін қант қызылшасының қажетті алқабы, сондай-ақ егіс алқаптарын кеңейту жөніндегі жоспарланған іс-шаралар облыстардың әкімдіктерімен келісілді, - деді ол.