Қант қызылшасын қайтсек көбейтеміз

28 Сәуір 2023, 15:50
1378
Бөлісу:
Қант қызылшасын қайтсек көбейтеміз
Фото: автордан

Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымын субсидиялау нормативтері 2020 жылдан бері өзгермеген. Алайда инфляцияның өсуі шаруаларға жеңіл тиіп жатқан жоқ, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Ауылдағы фермерлердің аужайы қалай?

Жетісудың басты уайымы – қант мәселесі. Осыған орай Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту Комитеті депутаттары Жетісу облысының ауылдық аумақтарының дамуы және «Ауыл ел бесігі» жобасын іске асыру мәселелері бойынша жұмыс сапары келді. Әуелі халық қалаулылары Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында шаруалардың мұң-мұқтажын тыңдап, артынан өңірдегі кәсіпорындарды аралады.

Қант қызылшасын қайтсек көбейтеміз

Естеріңізде болса, Ел Президенті қант саласын дамытудың 2026 кешенді жоспары әзірленгенін айтқан. Тиісінше, оған 500 миллиард теңгеге жуық инвестиция салу көзделген-ді. Алдағы 5 жылда өзіміз өндіретін қанттың үлесі 7 пайыздан 43 пайызға дейін өспек. Осы ретте әр ауылдық округта фермерлер қауымдастығының кіші ұйымдарын құру керек. Мұны «ҚФҚ» Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы Асқар Шәріпов айтты.

Жетісу облысында 10 аудан, қалада оның ішінде 122 ауылдық округтерде бұрынғы 120-дай колхоз, совхоздардың орнына 19,0 мыңдай фермерлер жұмыс жасайды Қазір олардың ішінде ҚФҚ мүшесі 3470-ке жеткізіліп, жалпы санының 18 пайызын құрады. Аталған шара бойынша облыстың аудан әкімдеріне, ауыл шаруашылық бөлімдері басшыларына қатынас хат жолданды. Бұл хатта ауданның фермерлер қауымдастығының басшысына жергілікті округ әкімшілігімен бірлесіп әр ауылдық округта фермерлер қауымдастығының кіші ұйымдарын құрып, жетекшілерін сайлау жұмысына жәрдем ету. Осы шара арқылы жергілікті жерлерде формерлердің жұмысын жандандырыу қажет. Фермерлердің жұмыстырын басқаруын, менеджметін, жоспарлауын заң жүзінде жетілдіру өте маңызды, - деді Асқар Қалиұлы.

Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы саласындағы салық салу жүйесін жетілдіру керек. Атап айтсақ, орта және кіші бизнес субектілерді қосымша құн салығынан (ҚҚС) мүлдем босату шарт. «Салық төлемдерін кешіктіріп төлеу кезінде қолданылатын әкімшілік шара- бизнес субъектілерінің шоттарды бұғалаттау тәжірбесің оңтайландырып, бұғаттаудың шекті деңгейі қарастырылса» деген ұсыныс та тастады филиал төрағасы.

Қант қызылшасын қайтсек көбейтеміз

Агробанк құру қажет

Көшпелі отырыста шаруа иелері ауыл шаруашылығын қаржыландыру мәселесін шешу мақсатында мамандандырылған Агробанк құру қажет екенін де жеткізді. Мәселен, Ресейдегі Россельхозбанк сияқты. Оның жүз пайыз акциясы мемлекет меншігінде. Одан бөлек Қытай, Беларусь, Швейцария мен Германияның, Нидерланды мен Жаңа Зеландияның агробанктері негізінде мемлекеттен берілетін субсидиялардың, субвенциялардың, дотациялардың бәрін біріктіретін шаруаларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін Агробанк бар екен.

Бізде де Агробанк құру қажет. Құрылған Агробанк құрамына оңтайландырылған, ғылыми тұрде негізделген штат кестесімен кәзіргі Аграрлық несие корпорациясы АҚ-мы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мы бөлімдері ретінде енуі керек. Аудандарда 2-3 банктың өкілдері отырып шаруалардың құжаттарын жинастырып тиімді байланыс жүйесімен облыстық филиалға жолдап, жетіспегенін толтырып ол жердің мақұлдауын шаруаларға жеткізіп отырса жеткілікті.Әрине, бұл жұмысты заң жүзінде ұйымдастыру болашақта маңызды іс-шара болмақшы, - деді Асқар Шәріпов.

Судың да сұрауы бар

2026 жылға дейін облыста қант қызылшасының егістігін 15 мың гектарға дейін жеткізу көзделуде. Әрине ол үшін суару желілері мен гидротехникалық нысандарды қалпына келтіруіміз қажет. Бүгінде 11 су шаруашылығы объектісі жөндеуден өтуде. Атап айтсақ, суару желілерін қайта жаңғырту Ақсу (6,3 млрд.тг / 11548 га), Қаратал (1-кезең – 4,0 млрд тг / 5950 га), Кербұлақ (Матай – 44,8 млн тг / 500 га, Талдыбұлақ – 287,9 / 450 га) аудандары мен Талдықорған қаласында (1500 га / 1,5 млрд тг) жүргізілуде. Оның сыртында, Ақсу ауданының Қызылағаш алқабында жаңа суару желілерін салу басталды. Оның құны – 8,9 миллиард теңге. Ал Көксу ауданының суару желілерін жаңарту жақын арада басталатын болады.

Қант қызылшасын қайтсек көбейтеміз

Кербұлақ ауданының Еңкөл, Аралтөбе су қоймалары мен Сарқан және Қаратал аудандарының 81 магистральдық және ішкі шаруашылық каналдарына күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар барлығы 29 мың гектар суармалы егістікті қалпына келтіріп, сумен қамтуды жақсартуға мүмкіндік береді. Десекте, су шаруашылығы объектілерін жөндеуге қаражаттың жетіспеушілігі жобалардың сараптамалық мерзімдері өтіп, құнының қымбаттауына әкелуде. Мәселен, Алакөл және Көксу аудандарына қарасты жобаларға қазіргі уақытта 880 млн теңгеге қайтадан түзетулер енгізілуде, - деді облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев.

Оның айтуынша, биыл облыста 12 су шаруашылығы объектілерінің жобалық құжаттамалары әзірленуде, ендігі кезекте қаражат көзін айқындауымыз қажет.

Биыл өңірде егін шаруашылығында дақылдардың егіс көлемі 1,9 мың гектарға артып, 519 мың гектарға жететін болады. Былтыр 517,2 мың болған. Бүгінде көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаруашылықтар тұқым, минералды тыңайтқыш пен дизель отынымен толық қамтылған.

Қант өндірісін дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес ағымдағы жылы қант қызылшасының егіс көлемі 2 есеге арттырылуда. Былтыр 4,2 мың га болса, биыл, 8,1 мың га ұлғайды.

Жетісу облысында барлығы 352 ауыл бар. Онда 388,2 мың адам тұрады. Оның ішінде 317 ауыл сумен қамтамасыз етілген. ​ Сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу 98,8 пайызды құрайды. 2023 жылы республикалық бюджеттен 3 жобаны іске асыруға 912 546 мың теңге қарастырылған.

Сенаторлар шаруа ұсыныстарын Үкімет басшысына жеткізетінің айтып, тарқасты. Сөйтіп аталған жиыннан кейін Ескелді ауданындағы суару жүйелерінің құрлысымен танысты. Сондай-ақ «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалының мамандарымен кездесті.

Мен биыл Германияның шөптеуді қажет етпейтін Конвизо Смарт қант қызылшасы тұқымының 70 гектарға 84 себу бірлігін сатып алдым. Бұл тұқымның бір себу бірлігінің бағасы – 214 мың теңгені құрайды, ал төленетін субсидия не бары 27 мың теңге. Менің айтпағым, тұқым шаруашылығын субсидиялау бағыты бойынша қолданыстағы Қаеидалар шеңберінде барлық ауыл шаруалығы дақылдарының нормативтерін кем дегенде 30 пайызға ұлғайтуға өзгерістер енгізуді сұраймын, - деді «Жер Ана» ауыл шаруашылық кооперативінің басшысы Әнуар Бөкенов.

Өзгелердің жаңалығы