Қаңғыбас жануарларды жою, аулау жұмыстары қалай жүргізіледі?

28 Ақпан 2022, 16:57
2276
Бөлісу:
Қаңғыбас жануарларды жою, аулау жұмыстары қалай жүргізіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 2 наурыздан бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енеді. 

Заңның негізгі мақсаты – жануарлардың өмірі, денсаулығы мен әл-ауқаты үшін иелерінің жеке жауапкершілігі, оларды қатыгездіктен қорғау, халықтың оларға моральдық және адамгершілік көзқарасын тәрбиелеу.

Бүгінгі мақаламызда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары қалай жүргізілетінін әңгімелеп берді.

- Елімізде қаңғыбас жануарларды жою, аулау жұмыстары қалай жүргізіледі? 

- Қазіргі уақытта қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелері қолданылады. Осы ережелер ЖАО «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңның 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес бекітілген.

Сонымен бірге бұл ережелер әр облыспен дербес бекітіледі және сәйкесінше орталықтандырылған тәсілдер жоқ.

Заң шеңберінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау кезінде тіршілік ету элементтеріне қоғамның шағымдарын ескере отырып, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңда жануардың денсаулығына зақым келтіруге немесе өзге де зиян келтіруге не жануардың өліміне әкеп соғатын жабдықтар мен өзге де құралдарды пайдалануға тыйым салынатыны белгіленген.

Сондай-ақ осы заңмен, ЭГТРМ жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың типтік ережелерін бекіту құзыреттілігіне ие. Бұл орталықтандырылған саясат жүргізуге және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың бірыңғай адамгершілік тәртібін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ЭГТРМ заңды іске асыру мақсатында тиісті ережелердің жобасын әзірледі. Ол мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен келісу сатысында тұр.

- Жануарларды жою, аулау кезінде ережелерді бұзу фактілері тіркелді ме?

- Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу мәселесіне келетін болсақ, аталған мониторингті жүргізу ЭГТРМ құзыретіне жатпайды.

- Мұндай фактілер тіркелген жағдайда азаматтар жауапкершілікке тартыла ма?

- Қазіргі уақытта ӘҚБтК-нің 408-бабында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы биылдың 2 наурызында күшіне енетін «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қол қойды.

Қазіргі уақытта заңды іске асыру үшін министрлік аулау мен жоюдың үлгілік ережелерінің жобасын әзірледі.

Өзгелердің жаңалығы