Қандай жағдайда ҰБТ-ның нәтижелері жойылады

4 Мамыр 2022, 15:20
1934
Бөлісу:
Қандай жағдайда ҰБТ-ның нәтижелері жойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев ҰБТ-ның нәтижелері қандай жағдайда жойылатынын түсіндіріп берді.

Негізгі жаңалықтар туралы айтатын болсақ, ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мұмкіндік берілгенін айттық. Бірақ екі мүмкіндікте де әр талапкер пәндерді ауыстыра алмайды. Яғни бірінші мүмкіндігінде физика-математиканы тапсыратын болса, екінші мүмкіндікте де осы пәндерді тапсыруға міндетті болады. Демек пәндерді ауыстыруға болмайды, - деп түсіндірді ол.

Айтуынша, биылғы ҰБТ-ның тағы бір ерекшелігі бар. Атап айтқанда, егер бірінші мүмкіндікте ереже бұзылатын болса, онда оның нәтижелері жойылады. Сөйтіп екінші мұмкіндікке жол берілмейді. Ал егер талапкер бірінші мүмкіндігін сәтті өтіп, екінші мүмкіндігінде ереже бұзатын болса, онда екі мүмкіндігінің де нәтижесі жойылады.

Сондай-ақ гранттық конкурсқа қатысу мүмкіндігінен айырылады. Осы ретте әр талапкерді академиялық адалдықты сақтауға шақырамыз, - деп айтты Әділет Тойбаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске сала кетейік, биыл ҰБТ-ға тіркелу 28 сәуірден басталып, 14 мамырға дейін жалғасады. Өтініштерді қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы жүргізіліп жатыр. Ал ҰБТ-ның өзі 16 мамыр мен 5 шілде аралағында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы