Қандай жағдайда Конституциялық кеңеске жүгінуге болады?

28 Сәуір 2022, 12:15
1514
Бөлісу:
Қандай жағдайда Конституциялық кеңеске жүгінуге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа саяси реформаларға сай конституциялық кеңесті конституциялық сотқа өзгерту және халықтың оған қандай жағдайда жүгіне алатыны туралы «Желмая» жобасының қонағы KAZGUU университетінің профессоры Сара Ыдырысова айтып берді.   

Конституциялық сот – біздің тарихымызда алғашқы рет емес, 90 жылдары да болған мемлекеттік орган. Өзінің міндетін өте белсенді атқара бастаған. Мүмкін сол себептен оның белсенділігі төмендетіліп, атауы конституциялық кеңес деп өзгертілді. Кеңес болғандықтан, атауына сай ешқандай күрделі шешімдерді қабылдауға құқығы болмады. Енді қайтадан сот деп өзгертілгенде құқықтары едәуір кеңейтіліп, мәні жоғарылайды, – деді ол. 

Сонымен қатар Сара Ыдырысова жеке тұлғалардың конституциялық кеңеске кез келген құқығы бұзылған жағдайда жүгіне алмайтынын ескертті. 

«Жоғарғы сотқа дейін бардым, мына сот заңсыз жасады, мына сот әділетсіз шешім шығарды» деген сұрақтармен конституциялық кеңеске бара алмаймыз. Ондай сұрақтар Жоғарғы Соттың құзыретінде. Конституциялық кеңеске мынадай негіздер болса ғана жүгіне аламыз. Мысалы, менің бір құқықтарым бұзылып, сотта азаматтық іс бойынша өзімнің құқықтарымды қорғай алмадым. Оның себебі әкім шығарған мынадай ереженің нормалары Конституцияға қайшы болып келеді. Сол себептен сот формальды түрде дұрыс шешім шығарды, бірақ ол маған қатысты болған әкімнің шешімін немесе министрліктің бұйрығын ескермеді және менің құқықтарым бұзылды. Ал мен заңға тәуелді актінің нормасы Конституцияның мынадай нормасына қайшы келеді немесе сай емес дегенді негіздегенде ғана іс конституциялық кеңестің қарауына беріледі, – дейді KAZGUU университетінің профессоры.

Өзгелердің жаңалығы