Қандастарға «Ата жолы» картасы беріледі

19 Сәуір 2023, 16:27
2608
Бөлісу:
Қандастарға «Ата жолы» картасы беріледі
Фото: matritca.kz

Қандастарға «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 – 2027» жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес «Ата жолы» картасы берілетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Ата жолы» картасын шетелде тұратын этникалық қазақтар өз азаматтығын жоғалтпай алу мүмкіндігін береді. «Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты тарихи отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау. Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендерді тарту, - дейді Көші-қон комитеті төрағасының м.а. Ілияс Испанов.

Оның айтуынша, Ата жолы» картасының иегерлеріне әлеуметтік көмек қарастырылған. Мысалы, медициналық көмек, Қазақстанның аумағында жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, мемлекеттік оқу орындарында, мемлекеттік арнаулы орта және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тегін орта білім, жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алуға мүмкіндіктері бар.

«Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға ықтиярхат алады. Алайда картасы бар адамдарға сайлауға және сайлануға және мемлекеттік қызметке кіруге шектеу қойылады.

Айта кетейік, Қазақстанда мигранттар үшін «Инвесторлық виза» енгізіледі. Бұл виза елде тұруға, бизнесін тіркеуге және т.б. операциялар жүргізуге толық мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы