Қанатбек Жайсаңбаев Президент көмекшісі, бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Қанатбек Жайсаңбаев Президент көмекшісі, бөлім меңгерушісі болып тағайындалды
393

Қанатбек Жайсаңбаев Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын, - делінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы