Қанат Шарлапаев өз лауазымында қалды

6 Ақпан 2024, 20:37
399
Бөлісу:
Қанат Шарлапаев өз лауазымында қалды
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды,- делінген хабарламада.

Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев

1981 жылы дүниеге келген.

Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған.

2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің Қаржы департаментінде, Жобаларды басқару департаментінде, Операциялық-технологиялық департаментінде, «Сити» инвестбанкінің сату басқармасында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары — «Сити» инвестбанкі акциялар нарығында жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2014-2015 жылдары — «Сити» инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2015-2017 жылдары — Ситибанк Қазақстанның Бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.

2017-2020 жылдары — Ресей Ситибанкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.

2020-2022 жылдары — «Сити» инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры.

2022 жылдан бастап — «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі.

2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен индустрия және құрылыс министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы