Қанат Нұғыманов: Президент білім саласына айрықша назар аударды

2 Қыркүйек 2022, 09:02
2092
Бөлісу:
Қанат Нұғыманов: Президент білім саласына айрықша назар аударды
Фото: автордан

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 1 қыркүйектегі кезекті Жолдауы қостанайлық ұстаздар қауымы ерекше ықыласпен қабылдады, деп хабарлайды  Қостанай облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

1 қыркүйек еліміз үшін білім күні болғанымен мемлекетіміздің алдағы өркендеу жолындағы маңызды қадамдарды айқындайтын тағы бір қадам жасалған күн ретінде есте қалмақ. Себебі, дәл осы күні мемлекет басшысы Парламент депутаттарының бірлескен отырысында халыққа кезекті Жолдауын жолдады. Ел тұрғындары үшін маңызды құжат болып саналатын бұл Жолдауды Қостанай ауданына қарасты Абай ауылындағы Абай негізгі орта мектебінің ұжымында ерекше ықыласпен тыңдады. Осы орайда аталмыш білім ордасының директоры Қанат Нұғымановтың пікірін білген едік.

Президенттің бұл жолғы Жолдауында жаһандық саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістер жағдайында нақты тоқталып, қажетті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған бірінші кезектегі міндеттер айқындалды. Сондықтан, Жолдау кешенді әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Онда әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және баршаға тең мүмкіндіктер қоғамын құруға бағытталған негізгі бағдарлар көрсетілді, -  дейді Қанат Нұғыманов.

Ендігі кезекте кезінде тоз-тозы шығып, қаңқасы кепкен ауылдың барлық инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылмақ. Бұл дегеніңіз - дертіне дауа іздеген ауыл халқының аудан мен облыс орталығына бару үшін тозығы жеткен алыс айлық жолдардың азабынан құтылатын күн алыс емес деген сөз. Себебі, басы ауырып, балтыры сыздаған ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсететін заман талабына сай ауруханалар, жаңа акушерлік пункттер салу - өте орынды бастама. 

Сонымен қатар, олардың көп салалы, жоғары технологиялық құрал-жабдықтардың болуы ауыл тіршілгіне нәр беріп, тамырына қан жүгіртеді» - дейді Абай негізгі орта мектебінің директоры Қанат Өмірзақұлы.

Ауыл ұстаздарын қанағаттандырып отырған тағы бір тың бастама бар. Ол Қазақстанда әрбір балаға табиғи ресурстарды пайдаланудан түсетін табыс есебінен капитал жинақтау үшін арнайы қор құратыны.

Президент барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыру қажеттігін де атап өтті. Оның ең басында мектеп тұр. Мемлекет басшысы бізде мектептердегі білім беру қызметінің сапасын өлшеу үшін түсінікті және айқын тетіктер ретінде білікті ұстаздар дайындайтын педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің жаңа талаптары пайда болмаса, ешқандай жетістікке жетуге болмайтынын ашық айты. Жолдауда медициналық білім беру сапасы туралы да айтылған. Жоғары оқу орындарының жанынан жаңа мамандарды даярлауда тәжірибеге бағытталған тәсілді іске асыру үшін клиникалық ауруханалар, көп бейінді ауруханалар салынбақ. Дәрігерлерге арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге гранттар саны 70 пайызға дейін өсіп отыр. Ұстаздардың жалақысының өсуі де маңызды. Президент Жолдауы елдің өркендеуіне сүбелі үлес қосатына сенімдімін, - дейді Қанат Нұғыманов.

Өзгелердің жаңалығы