Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қанат Бозымбаев ұсталған Көлік вице-министріне қатысты пікір білдірді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
7 Тамыз 2025, 13:20
1495
Бөлісу:
 Үкімет
Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Көлік вице-министрінің ұсталғанына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егер кез келген мемлекеттік органда тікелей бағыныштысы жемқорлық бабы бойынша сотталатын болса, онда сол органның бірінші басшысы отставкаға кетуі тиіс, - деп түсіндірді Бозымбаев.

Оның сөзінше, алдын ала қорытынды жасамауға асықпау керек.

Біреуді кінәлі етіп көрсетуге асықпау керек. Сот шешімі болады. Сол шешімнен кейін ғана біреу жемқорлық қылмыс жасады деп есептеледі. Сот шешіміне дейін - бұл тек күдікті тұлғалар, - деп айтты Вице-премьер брифингте.

Ол вице-министрлерді тағайындау тәртібін түсіндірді.

Министр үміткерді ұсынады, ол заң бойынша арнайы тексеруден өтеді, ҰҚК мен Антикор тексереді. Одан кейін Президент Әкімшілігінде, Премьер-министр кеңсесінде келісу жүргізіледі. Өз регламенті бар. Содан кейін Үкімет қаулысымен тағайындау рәсімделеді, - деді Қанат Бозымбаев.

Еске салайық, бұған дейін Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталғаны хабарланған. 

Өзгелердің жаңалығы