Қорғаныс министрлігі қамауға алынған генерал-майорға қатысты пікір білдірді

5 Ақпан 2020, 17:06
2834
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі қамауға алынған генерал-майорға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс министрлігі генерал-майор Қайрат Көпбаевқа байланысты пікір білдірді.

Қорғаныс министрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік арасында меморандум бар. Соған сәйкес ұдайы ескерту шараларын жүргізіп отырамыз. Соған сәйкес қорғаныс министрлігі кадрлар бөлімінің бұрынғы бастығы генерал-майор Көпбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу қолға алынып, жүргізілгені туралы ақпаратты растаймыз. Генерал-майор Көпбаевқа екі айға үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, - дейді ҚР Қарулы күштері әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары, полковник Бекен Шынтілеуов.

Осыған дейін әр түрлі БАҚ өкілдері Қайрат Көпбаев қорғаныс министрлігінің кадр және әскери білім департаментінің басшысы деп хабарлаған болатын. Оның айтуынша, бұл ақпарат шынайы емес.

Өйткені лауазымдар мен әскери атақтар тізіміне сәйкес оның қызметі - қорғаныс министрлігінің кадрлар департаменті. Ал әскер білім бойынша бізде басқа бөлім айналысады, - деді Әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары.

Айта кетейік, 4 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен генерал-майорды ұстағанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, оның 2020 жылдың 31 қаңтарынан 2020 жылдың 28 наурызын қосқанға дейін қамауға алынғаны айтылған. 

Бекен Шынтілеуовтің айтуынша, генерал-майор Көпбаев сыйақы алды деген күдікке ілініп отыр. Бірақ оның бәрі тергеу барысында анықталады.

Өзгелердің жаңалығы