Қалың жауған қар салдарынан Жамбыл облысы жолдарда мыңға жуық көлік жиналып қалды

2 Ақпан 2024, 08:10
551
Бөлісу:
Қалың жауған қар салдарынан Жамбыл облысы жолдарда мыңға жуық көлік жиналып қалды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Ауа райының қолайсыздығына (қалың қар, боран және көрінудің шектелуі) байланысты «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Тараз қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейін (534-593 шқ), «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының 161 шақырымынан (Бірлік ауылы) 273 шақырымына дейін (Бурылбайтал ауылы) автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтсақ, Тараз қаласының маңында 350 жүк көлігі мен 50 жеңіл автокөлік, Байзақ ауданындағы Ақшолақ станциясында 100 жүк көлігі , Т.Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылының маңында 200 көлік және Қордай ауданы Қайнар ауылында 200 автокөлік тоқтап тұр. Жүргізушілер мен жолаушылар тиісті қажеттіліктермен қамтамасыз етілуде.

Жергілікті атқарушы органдардың, полицейлер, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тұрғындарға тиісті көмек көрсетіп, көліктерді қар құрсауынан шығару үшін нақты шаралар қабылдауда.

Азаматтарды эвакуациялау мақсатында автожолдардың жабық учаскелерінде уақытша жылыту пункттері құрылған, сондай-ақ, эвакуациялауға арналған техникалар дайындалған.

Қазіргі таңда Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылындағы орта мектеп базасында орналастырылған жылыту пунктіне бұған дейін жеткізілген 25 адамның 12-сі (13-і пойызбен кеткен) орналасқан. Олар ыстық тамақ, төсек орын және өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, өңірдегі барлық аудандарда коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылып, қауырт желі іске қосылды.

Жолдарды тазалау жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы