Қалың тұман: Қазақстан жолдарында қозғалыс шектелді

Шектеулер жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге қатысты.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 00:49
Бүгiн 2026, 00:49
161
Фото: depositphotos.com

23 наурыз түнгі сағат 00:00-ден бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалың тұман салдарынан Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында бірқатар жол учаскелері жабылды.

Ақмола облысы:

Астана – Қарағанды – Алматы трассасы (30–92 км, Жібек жолы ақылы бекетінен Қарағанды облысы шекарасына дейін)

Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (16–200 км, Астанадан Павлодар облысы шекарасына дейін)

Қарағанды облысы:

Астана – Қарағанды – Алматы трассасы (92–164 км, Ақмола облысы шекарасынан Теміртау ақылы бекетіне дейін)

Павлодар облысы:

Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (200–254 км, Ақмола облысы шекарасынан Шідерті кентіне дейін)

Шектеулер жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге қатысты.

Алдын ала мәлімет бойынша, қозғалыс 23 наурыз күні таңғы сағат 09:00-де қайта ашылады.

Наверх