Алматы полициясы қалта ұрыларының фотосын жариялады

25 Желтоқсан 2019, 18:46
4785
Бөлісу:
Алматы полициясы қалта ұрыларының фотосын жариялады
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда өткен тәулікте өзгенің мүлкін ұрлау бойынша 39 іс ашылды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2 пәтер ұрлығы болған. Кезекші сақшылар 2 істі де ізін суытпай ашқан. Сондай-ақ, 5 телефон ұрлығы жасалған, сақшылар оны да жедел аша білген.

Өткен тәулікте 3 қалта ұрлығы болған, сол күні оның 2-і ашылды. Сонымен қатар, 3 көлік құралы ұрлығы тіркелді, кезекші сақшылар оның барлығын тапты. Негізінен көлік айналары қолды болған, - делінген хабарламада.  
7.jpg

Сонымен қатар, бұрын ұрланған 11 іс ашылған, соның ішінде өзгенің мүлкін ұрлау - 6, автокөлік ұрлығы -1, пәтер ұрлығы -1, ұялы телефон ұрлығы -3.

Сондай-ақ, өткен тәулікте ҚР ҚК бойынша 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған:

- Т. Жүнісов, 1982 жылы туған;
- Н. Нұралин, 1993 жылы туған;
- А. Еділбаев, 1986 жылы туған;
- М. Бекбай, 1998 жылы туған;
- Н. Бейсенбаев, 1982 жылы туған;
- С. Таштемиров, 1999 жылы туған.

8.jpg

Өзгелердің жаңалығы