"Қалпына келетін, келмейтін үй": Қостанайда залал өтеу жұмыстары жүріп жатыр

12 Сәуір 2024, 11:37
193
Бөлісу:
"Қалпына келетін, келмейтін үй": Қостанайда залал өтеу жұмыстары жүріп жатыр
Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысының 2 қаласы мен 4 ауданында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Аталған өңірлерде құрылған зардап шеккендерге залал өтеу бойынша комиссиялардың жұмысы туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі күні 353 үй тексерілді, оның ішінде 159 үй қалпына келтіруге жатады. Оларға бағалау жүргізуден кейін залал сомасы төленеді. Қалпына келтірілмейтін 194 үй бар, бұл тұрғындарға үй беріледі, - деді ол.

Әкім орынбасары әсіресе облыстың оңтүстік өңірлері үшін маңызды мал өлімі бойынша өтемақы туралы да айтты.

Ветеринарлық қызметтің мәліметінше, су тасқыны салдарынан мал өлімі осы күні 951 бас болды. Бағалау есептері 214 бас бойынша дайын. Төлемақы жұмыстары басталды, - деді Спанов.

Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымалы мүлік және малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылданатынын атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы