Қаллеки театрына жаңа басшы тағайындалды

10 Ақпан 2022, 18:05
1977
Бөлісу:
Қаллеки театрына жаңа басшы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Қаллеки театрына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Бүгін Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барып, мәдениет ошағының жұмысымен таныстым. Осы ретте, театр директорының ауысқанын хабарлаймын. Еліміздің бірқатар беделді театрларында басшылық қызмет атқарған Жаудыр Айболат Жанғалиұлы тағайындалды, - деп жазды министр Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Қаллеки театрына жаңа басшы тағайындалды

Айта кетерлігі, бұған дейін Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметін Ернұр Жұматаев атқарған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы