Қабырғалары жарылған мектеп: Алматы облысының тұрғыны шағымданды

13 Мамыр 2024, 15:51
1084
Бөлісу:
Қабырғалары жарылған мектеп: Алматы облысының тұрғыны шағымданды
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде Ұзынағаш ауданындағы Еңбекшіарал ауылындағы мектептің қабырғалары жарылып, зақымданған бейнеролигі тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғын мектепте мыңнан астам бала оқитынын, олардың өміріне алаңдаушылық танытатынын атап өтті. 

Бұл мектепте балалар қалай оқиды? Мектептің қабырғалары құлайын деп тұр. Бұл жерде мыңнан астам бала білім алады. Олардың өмірі не болмақ? – дейді тұрғын. Аталған жағдайға Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді. 

Сейсмикалық белсенділіктің нәтижесінде 2024 жылдың ақпанында облыстың сегіз мектебі мен бір колледжінде әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі зақымданулар, соның ішінде қабырғадағы жарықтар мен іргетастың ішінара бұзылуы тіркелді. Атап айтсақ, Іле ауданы Түймебаев ауылында №20, Боралдай ауылында №40 орта мектептер, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаипов ауылындағы Қазақстан орта мектебі, Жамбыл ауданындағы Еңбекшіарал орта мектебі, Қайназар ауылындағы №2 орта мектебі, Ұйғыр ауданы Хамраев атындағы, Шырын, Дардамты орта мектептері, Шонжы политехникалық колледжінің шеберханасы жөнделеді, – дейді әкімдік. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарын қаржыландыру төтенше жағдайларға арналған резерв қаражатынан бөлінеді.

Қазіргі уақытта барлық зардап шеккен білім беру объектілері үшін техникалық қорытындылар мен жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалуда, олардың негізінде күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Жөндеу жұмыстарын қаржыландыру төтенше жағдайларға арналған резерв қаражаты есебінен жүзеге асырылады, – дейді Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы