Қабатов өлімге әкелген жол апатына қатысты түсініктеме берді

8 Қазан 2020, 17:29
1987
Бөлісу:
Қабатов өлімге әкелген жол апатына қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлігін көмекшісіне берген Тұрсынбек Қабатовтың басы дауға қалды, деп жазды arasha.kz.

Әртістің әріптесі Лексус көлігімен Теміртау тасжолындағы Нұра деген ауылда 34 жастағы азаматты қағып кеткен. Қатты дене жарақаттарын алған Ерлан Омарқұлов есімді жігіт оқиға орнында көз жұмды. Бүгін Тұрсынбек Қабатов осыған байланысты өз пікірін білдірді.

Бұл осыдан бір жыл бұрын, 2019 жылдың қазан айында болған оқиға. Менің көмекшім, жүргізушім емес. Мен рөлде өзім отырамын. Көмекшім кешке келіп, "Жұмыстарыммен бір жерге барып келейін деп едім" деп менен көмек сұрады. Оның арты осылай аяқталатынын, шыны керек, білген жоқпын, – дейді ол.

Кейіннен белгілі болғандай, әртістің көлігімен адам қағып кеткен көмекшісі бұрын жүргізу куәлігінен айырылған екен. Ал Тұрсынбек Қабатов кілтті берер кезде мұны білмеген.

Төбеме жай түскендей болды. Оңай болған жоқ. Сұрастыра келе марқұм өзі кінәлі екен, кішкене ішкені бар екен. Жолға жүгіріп шыққан деп жатыр. Мен марқұмның артынан жаман нәрсе айтқым келіп тұрған жоқ. Ал көмекшіме «қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер, мен араласпаймын» деп айттым, – деді Қабатов.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде танымал әртістің атына тіркелген көліктің жол-көлік оқиғасына түскені туралы ақпарат тарап кетті. Қарағанды облысының полициясы да бұл фактіні растады.

Өзгелердің жаңалығы