Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қабаған иттің шабуылын тоқтатқан тұрғын жауапқа тартылмайды – полиция

1 Шілде 2025, 22:04
530
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Желіде тарап жатқан "Алматы облысында қабаған иттің шабуылын тоқтатқан тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтың әрекеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-бабы — "Қажетті қорғаныс" шеңберінде бағаланады. Яғни, бұл жағдайда адам өзінің немесе өзгенің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде заңды түрде қорғануға құқылы. Мұндай қорғаныс аясындағы іс-әрекет қылмыстық құқық бұзушылық болып есептелмейді.

Кәмелетке толмаған баланы қабаған иттің шабуылынан құтқарған тұрғынның әрекеті қолданыстағы заңнамаға толық сәйкес келеді және ешқандай құқықтық салдарға әкелмейді, - делінген мәлімдемеде.

Сонымен бірге, иттің иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оның әрекеттеріне заң тұрғысынан баға беріліп, қандай да бір заң бұзушылық анықталған жағдайда ол заң аясында жауапқа тартылатын болады.

Бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында үш төбелеске бейім ит – бір питбуль және екі ротвейлер 10 жасар балаға шабуыл жасағанын жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы