Путинцова төртінші айналымда бақ сынайды

6 Қыркүйек 2020, 11:40
1476
Бөлісу:
Путинцова төртінші айналымда бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та үлкен теннистен әйгілі US Open турнирі жалғасуда. Қазақстандық Юлия Путинцева бүгін төртінші айналымда бақ сынайды деп хабарлайды Olympic.kz. 

1/8 айналымда Путинцева хорватиялық Петра Мартичке қарсы ойнайды. Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 35-і, хорватиялық спортшы 15-і орында тұр. 

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ ашық біріншілігінде кезекті жеңісіне қол жеткізді. 

Қазақстан құрамасының өкілі үшінші айналымда белорустық Александра Сосновичті ұтты. Екеуара кездесу 2 сағат 1 минутқа созылып, 3:6, 6:2, 6:1 есебімен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы