Путинцева Жапониядағы турнирдің ширек финалына өтті

14 Қыркүйек 2023, 04:26
555
Бөлісу:
Путинцева Жапониядағы турнирдің ширек финалына өтті
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Осакадағы WTA 250 турнирінің ширек финалына еш қиындықсыз өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ол екінші айналымда ресейлік Валерия Савиныхты 6:1, 6:2 есебімен сенімді түрде ұтты.

Путинцева енді турнирдің ширек финалында жапониялық Химено Сакацумемен (әлемнің 184-ракеткасы) немесе қытайлық Синью Ван (әлемнің 39-ракеткасы) мен швейцариялық Хиль Белен Тайхманның (әлемнің 138-ракеткасы) қай жеңгенімен кездеседі.

Турнирдің жүлде қоры - 259 мың АҚШ доллары.

Өзгелердің жаңалығы