Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Максим Орешкин коронавирус жұқтырды. Бұл туралы РБК хабарлады.
Өкінішке қарай, Орешкин коронавирус жұқтырып алды. Мен оған тезірек жазылып кетуін тілеймін. Біз Президенттің көмекшісімен байланыстамыз, - деді Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин Кемеров облысынан көмір шығаруды көлікпен қамтамасыз ету туралы кеңесте.
Мишустиннің өзі өткен жылдың сәуір айында коронавируспен ауырған. Содан кейін оның міндетін уақытша вице-премьер Андрей Белоусов атқарған болатын. Ресей Федерациясының Үкіметі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.