Путин Трамптың қандай талаптарына келіспей отыр?

30 Сәуір 2025, 09:55
1768
Бөлісу:
Путин Трамптың қандай талаптарына келіспей отыр?
Фото: pixabay.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинге сенетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі abcnews.go.com-ға сілтеме жасап.

Менің ойымша, ол (Путин) мені құрметтейді. Сол себепті ол (Украинаны) басып алмайды. Әйтпесе, оның өз еркі болса, бүкіл Украинаны басып алатын еді, - дейді Трамп ABC телеарнасына берген сұхбатында.

Financial Times газетінің жазуынша, Ресей президенті Путин Украина қорғанысқа қабілетті әскерін сақтап қалуы керек деген талапқа келіспей отыр. Бұл талапты АҚШ қолдаған болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты бейбіт жолмен реттеу жоспарын тоқтатуға жақын. Ақ үй шенеуніктері соңғы екі айда Кремль өкілдерімен кемінде алты рет кездескен, бірақ "еш нәтиже шығар алмай" оралған. Бұл жағдай Вашингтонда алаңдаушылық тудырып отыр. Басылымның мәліметінше, АҚШ Еуропаға Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер тығырыққа тірелгенін хабарлаған.

FT деректеріне сүйенсек, Путиннің қатаң позициясы Трампты бейбіт процестен бас тартуға және бастапқы жоспарынан әлдеқайда әлсіз болса да, қандай да бір келісімге қол жеткізуге итермелеп отыр. Төрт шенеуніктің айтуынша, Трамп президенттік қызметінің алғашқы 100 күнін белгілейтін осы апта ішінде қандай да бір ілгерілеуді пайдаланып қалуға дайын, тіпті ол шешім Украинадағы соғысты ұзақ мерзімді тоқтатуға ықпал етпесе де.

Ақ үй Кремльге кең көлемдегі ұсыныстар пакетін, соның ішінде санкцияларды жою, бірлескен бизнес-жобалар және Қырымды мойындау нұсқасын да ұсынған. Путин Украинаның әскерін сақтап қалуына қарсылық білдіріп, "денацификация" сынды барынша кең талаптарынан бас тартпай отыр.

Өзгелердің жаңалығы