Путин мен Трамп Иран және Украина мәселесін телефон арқылы талқылады

Трамптың айтуынша, Иранға қарсы соғыс «іс жүзінде аяқталуға жақын». Ол АҚШ әскери операциялары бастапқы жоспарланған мерзімнен әлдеқайда жылдам жүріп жатқанын мәлімдеді.

 Дональд Трамп және Владимир Путин /  жасанды интеллект Бүгiн 2026, 03:30
Бүгiн 2026, 03:30
292
Фото: Дональд Трамп және Владимир Путин / жасанды интеллект

Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, әңгіме америкалық тараптың бастамасымен өткен. Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер, атап айтқанда Iran төңірегіндегі жағдай және Украина қақтығысын реттеу жөніндегі келіссөздер талқыланған.

Юрий Ушаковтың мәліметінше, екі ел басшысы Таяу Шығыстағы жағдай туралы пікір алмасты. Путин Иранға қатысты қақтығысты мүмкіндігінше тез арада саяси-дипломатиялық жолмен шешу жөнінде бірқатар ұсыныстар айтқан. Сонымен қатар ол Парсы шығанағы елдерінің басшыларымен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде қалыптасқан бағаларын бөліскен.

Тараптар Украинадағы жағдайды да сөз еткен.

Путин Украинадағы қақтығысты реттеуде АҚШ пен Трамптың делдалдық күш-жігерін оң бағалады, – деді Ушаков.

Оның айтуынша, екі ел президенттерінің әңгімесі іскерлік, ашық және конструктивті сипатта өткен.

Сонымен қатар Reuters агенттігі Дональд Трамп әкімшілігі әлемдік мұнай бағасының күрт өсуіне байланысты Ресей мұнайына салынған санкцияларды одан әрі жеңілдету мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

Бұған қоса, Трамптың айтуынша, Иранға қарсы соғыс «іс жүзінде аяқталуға жақын». Ол АҚШ әскери операциялары бастапқы жоспарланған мерзімнен әлдеқайда жылдам жүріп жатқанын мәлімдеді.

Америка президентінің сөзінше, Иранға қарсы соғысты аяқтау туралы шешім Биньямин Нетаньяхумен бірлесіп қабылданады.

Наверх