Путин Елбасына Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтару үшін көмек беретінін айтты

2 Шілде 2021, 15:37
2136
Бөлісу:
Путин Елбасына Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтару үшін көмек беретінін айтты

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. 30 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде келіссөз жүргізді. Кездесу барысында саясаткерлер Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтару мәселесін де талқылады, деп жазды ҚазАқпарат.

Нұрсұлан Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың сөзінше, Елбасының Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында талқыланған мәселенің бірі Қазақ халқы үшін киелі саналатын Кенесары ханның сүйегін іздестіру және оны Қазақстанға қайтару тақырыбы болған. 

Келіссөздер барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен осы процеске көмек көрсетуін сұрады. Елбасы қазақтың соңғы ханының сүйегі өзінің туған жерінде жерленіп, рухының тыныш табуы қазақ халқы үшін аса маңызды мәселе екенін айрықша атап өтті. Владимир Путин Тұңғыш президентке Ресей тарапының бұл мәселеде жан-жақты көмек көрсететініне сендірді. 

Путиннің сөзіне қарағанда, ол артефакт табылады және Қазақстан халқына қайтарылады.

Өзгелердің жаңалығы