Путин Донбаста әскери операция бастайтынын мәлімдеді

24 Ақпан 2022, 10:36
1267
Бөлісу:
Путин Донбаста әскери операция бастайтынын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей президенті Донбаста арнайы әскери операция бастау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бұл туралы  Владимир Путин өз азаматтарына жолдаған шұғыл үндеуінде жариялады. 

Кремль басшысы бұл шешімін Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабына және Федерация Кеңесінің санкциясына сәйкес деп негіздеген. 

Біз Украинаны қарусыздандыруға және нацизмнен арылтуға ұмтыламыз, Украинаны басып алу біздің жоспарымызға кірмейді, – деді Путин мәлімдемесінде.

Өзгелердің жаңалығы