Puppet Festival. Алматыдағы фестивальде үздік театрлар өнер көрсетеді

20 Қазан 2023, 10:57
1175
Бөлісу:
Puppet Festival. Алматыдағы фестивальде үздік театрлар өнер көрсетеді
PHOTO
Фото: автордан

Фестиваль аясында кәсіби сарапшылар мен көрермендер назарына театр репертуарынан қойылым ұсынылып, спектакль соңында талдау жасалынады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Puppet Festival. Алматыдағы фестивальде үздік театрлар өнер көрсетеді

Фестивальде Польша, Грузия, Болгария, Түркия, Өзбекстан, Қазақстан Республикаларының 14 үздік театр ұжымы мен 150-ге жуық қуыршақ шебері өнер көрсетеді.

Puppet Festival. Алматыдағы фестивальде үздік театрлар өнер көрсетеді

Біз Грузияның Батуми қаласынан Алматыға бірінші рет келіп отырмыз. Фестивальге Чарли Чаплиннің өміріне негізделген “Письмо Дежерьалдин” атты спектакльді алып келдік. Қойылым балалар мен жасөспірімдерге арналған. Көңілді әрі қызықты сәттерімен көрермендердің назарын жаулап алады деп сенімдемін. Актерлік құрам мықты. Өз ісінің майталмандары деп айта аламын. Ал Алматы қаласы бізге ұнады. Әсем табиғаты мен заңғар тауы көздің жауын алады. Алдағы қойылымдар апталығы тартысты өтеді деген сенімдемін, - дейді Батуми қуыршақ театрының директоры Медея Чарквиани.

Puppet Festival. Алматыдағы фестивальде үздік театрлар өнер көрсетеді

Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Алмат Абдрахманов фестиваль апталығы тәжірибе алмасуға таптырмас алаң боларына сенімді.

I Халықаралық «Almaty Puppet Festival» қуыршақ театрлар фестивалі алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Фестивальге қатысуға 60-тан астам театр өтініш білдірді. Солардың ішінде 14 үздік театр ұжымы іріктеліп, таңдап алынды. Осы бір аптаның ішінде ең таңдаулы шығармаларды көруге мүмкіндік бар. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өзге мемлекеттен келген театр әртістерінің қойылымын тамашалай алады. Ал актерларымыз бір-бірімен тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдайды. Фестиваль аясында семинарлар ұйымдастырылады, - дейді Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры.

Puppet Festival. Алматыдағы фестивальде үздік театрлар өнер көрсетеді
Өзгелердің жаңалығы