Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 1 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады.
2021 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 37 халықаралық әуе рейсі келді.
4 685 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 675 адам, анықтамасыз 10 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 324 жолаушы, анықтамамен - 2314, анықтамасыз – 10;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, барлық 1 293 жолаушы анықтамамен келген;
Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 009 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 59 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 31 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметке сүйенсек, анықтамасыз келген 29 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 31 наурызында Ташкент – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.