Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде уақыт өткізуге деген тәуелділіктен құтылу үшін, ең алдымен мұндай тәуелділіктің барын мойындау керек, дейді клиникалық психолог Михаил Хорс.
Маманның бұл кеңесі RT сайтында жарияланды.
Психологтың айтуынша, келесі қадам – әрі қарай мінез-құлықтың дұрыс позициясын таңдау.
Яғни, «интернетті бір шарлап шығайын» позициясынан «мен қаламаймын – спортпен, жұмыспен, қарым-қатынаспен, өзімді дамытумен айналысқым келеді, бірақ менің тәуелділігім мені сол жаққа тартады» позициясына өту керек. Адам мұндай ұстанымды қабылдаған кезде, оның мақсаттарына, қалауына қайшы келетін қажеттілікпен күресу оңайырақ болады, – дейді Хорс.
Маман бір парақ қағаз алып, оны екіге бөліп, бір жағына адамның не қалайтынын, екінші жағына не қаламайтынын жазуға кеңес берді.
«Мен қаламайтын нәрсе» – бұл әлеуметтік желілерде отырудан келетін барлық зиянды әрекет. Егер сол жақ бағанда «уақытты жоғалту» деп жазылса, оң жақ бағанда – «спортқа уақыт, өзін дамытуға, оқуға, жұмысқа, қарым-қатынасқа арналған уақыт» деп жазылуы керек, - деп түсіндірді психолог.
Жазбаның сол жақ бағанын жыртып тастау керек те, мақсаттары мен тілектері жазылған оң жақ бағанды үнемі назарда ұстау қажет.
Бұл әлеуметтік желілерде шексіз отыру - негізгі мақсаттардан алыстататынын түсінуге көмектеседі,- деп қорытындылады Хорс.