Прокурорлар «Алматы-Хостел» ғимаратындағы өрт бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті

1 Желтоқсан 2023, 21:02
556
Бөлісу:
Прокурорлар «Алматы-Хостел» ғимаратындағы өрт бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті

«Алматы Хостел» ғимаратындағы өрт оқиғасына байланысты ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес қылмыстық іс арнайы прокурордың іс жүргізу өндірісіне қабылданды. 
Құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Өрттің шығу себебі мен алғышарттарын анықтау мақсатында оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып, өзге де жедел-тергеу іс шаралары ұйымдастырылуда.

Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға беруші Мухамедъяров А. прокурорлармен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Тергеу аясында хостелдің қызмет көрсетуіне қатысы болған барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Қылмыстық іс тергеуі Бас Прокурордың бақылауында.

Еске салайық, күні кеше Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт шықты. Төтенше жағдай қызметі кемінде 13 адам қаза тапқанын хабарлады. Олардың 9-ы қазақстандық, екеуі Өзбекстан, тағы екеуі Ресейлік азаматтар. Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Хостел мен университет арасында ешқандай келісімшарт болмағаны да айтылды.

 

Өзгелердің жаңалығы