Прокурор, судья, алқабилер: Бишімбаевтың сотына қатысушылар туралы не білеміз?

5 Сәуір 2024, 13:37
12719
Бөлісу:
Прокурор, судья, алқабилер: Бишімбаевтың сотына қатысушылар туралы не білеміз?
Фото: BAQ.KZ

Әйелін азаптап өлтірді деген Қуандық Бишімбаевтың соты бүкіл елдің назарында. Оған қатысушы адвокаттар мен прокурорлар жайлы не білеміз? Бұрын қандай қызметтер атқарған? BAQ.KZ тілшісі анықтап көрді.

Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары кімдер? 

Ләйлә Рамазанова

Ашық дерек көздеріне сүйенсек, Ләйлә Рамазанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. 2011 жылдан бері Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі. Қылмыстық құқық бойынша халықаралық конференцияларға қатысты. 2017 жылы ол тұтқындар үшін адвокаттармен сөйлесетін алаңды құруды жақтап, азаптауға ұшырағандарға төленетін өтемақыны көбейтуді талап етті.

Прокурор, судья, алқабилер: Бишімбаевтың сотына қатысушылар туралы не білеміз?
фото: Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 

Назкен Құсайынова

2002 жылы Құсайынова Алматы журналистика институты деп аталып келген Алматы халықаралық кәсіптер институтын тәмандаған. Оқуды бітіргеннен кейін КТК телеарнасына жұмысқа орналасып, екі жыл журналист болып жұмыс істеген. Кейін тағы екі жыл "Время покажет" бағдарламасының директоры болған. Құсайынова 2008 жылы 1 желтоқсанда Алматы қаласының адвокаттар алқасынан лицензия алған.

Судья Айжан Құлбаева туралы не белгілі?

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева 1975 жылы дүниеге келген. Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген.

Прокурор, судья, алқабилер: Бишімбаевтың сотына қатысушылар туралы не білеміз?
фото: Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 

Білімі:

Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті (1996)

Еңбек жолы:

Оңтүстік Қазақстан облысы "Дауыл" фирмасының заңгері (1996-1997);

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер Бас департаментінің техникалық қызмет көрсету бөлімінің қызмет персоналы және күзет жөніндегі полицейі (1997-1998);

Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің №3 Мемлекеттік нотариаттық кеңсесі мемлекеттік нотариусының көмекшісі (1998);

Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті Соттардың жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жетекші маман-кеңесшісі, жетекші маманы (1998-2001);

Сот әкімшілігі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің бас маманы (2001-2003);

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Астана қаласы бойынша соттардың қызметін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, меңгерушісі (2003-2004);

Қостанай облысы Лисаков қалалық сотының судьясы (2004-2010);

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы (2010-2014);

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьясы (2014-2018 ж);

Нұр-Сұлтан (еск – Астана) қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының судьясы (06.2018-28.12.2022);

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы (28.12.2022 ж.)

Лауазымдары:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі (30.12.2020-06.01.2022)

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

2-дәрежелі "Сот жүйесінің үздігі" төсбелгісі;

Прокурор Айжан Аймағанова кім?

Бүгінгі таңда әлеуметтік желі қолданушылары Қуандық Бишімбаевтың сотындағы мемлекеттік айыптаушыны қызу талқылап жатыр. Айжан Аймағанова сотта өзінің мінезді, төзімді екенін көрсетіп, көпшілікті баурап үлгерген.

Прокурор, судья, алқабилер: Бишімбаевтың сотына қатысушылар туралы не білеміз?
фото: Jogargy_sot телеграм арнасынан

Прокурор Айжан Аймағанова туралы интернет желісінде көп ақпарат жоқ. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сенсек, Аймағанова 1987 жылы Петропавл қаласында дүниеге келген. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ақпараттық технологиялар факультетін тәмамдаған.

Прокурор былтыр 14,5 миллиард теңгені жымқырған деп айыпталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты. Сонда Аймағанова "соттан оны кінәлі деп танып, сегіз жылға бас бостандығынан айыруды" сұраған еді.

Ол өзінің Вконтакте желісіне соңғы рет 2015 жылы кірген. Желі қолданушылары оның парақшасын тауып алып, 2012 жылы салған жазбасына пікір қалдыруда. Онда "Біз саған сенеміз Айжан", "Ең мықты Прокурор", "Сен нағыз батырсың" дегендей пікірлер жазылған.

Прокурор, судья, алқабилер: Бишімбаевтың сотына қатысушылар туралы не білеміз?
спикердің Вконтакте желісінен алынды 

Әлеуметтік желіде прокурордың Қуандық Бишімбаевқа қойған сұрағы кеңінен тарады. Желі қолданушылары "Бұл сұрақ Прокурордың емес, әйелдің жүрегінен шығып отыр" деп бағалады.

Сіз оның ашуыңызға тигенін айттыңыз. Онда неге оны сол жерде жай ғана қалдыра салмадыңыз? Сіз еркек емессіз бе, жай ғана қалдырып кетуге болмас па еді? Сіз одан мықтыcыз. Ол (Нүкенова) сол ресторанда түнеу керек еді. Сонда осы оқиға болмас еді ғой. Неге сіз үйге кетіп, оны қалдырып кетпедіңіз?, - деді Аймағанова.

@bolshynbayev

видно как сдерживает слёзы💔

♬ to build a home - favsoundds

Көпшілікті тәнті еткен Аймағанованың атынан жалған парақша ашылған

Instagram әлеуметтік желісінде «aijan.aimaganova» атты парақша анықталды. Аталмыш парақшаға 15 000 мыңнан аса адам жазылған. Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.

Сондай-ақ парақшада келесі жазба жарияланған.

Құрметті қазақстандықтар! Парақша халықтың сұрауымен ашылды. Алайда, мен блогер емеспін. Жеке хабарламаларыңызға жауап бере алмаймын. Сондықтан жекеге жазбауыңызды өтінемін. Жауап бермей сіздерді ренжітіп алуға қорқамын. Мен қатардағы прокурормын... Жаңа Қазақстан үшін еңбек етуге уәде беремін!, - делінген парақшада.

Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз, - деді Астана қаласының прокуратурасы.

Мемлекеттік айыптаушы Саяхат Нұрбеков

Ал мемлекеттік айыптаушы Саяхат Нұрбеков туралы интернетте ақпарат жоқ, тек экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты соңғы таралған жаңалықтарды кездестіре аласыз.

Кеше Саяхат Нұрбеков Қуандық Бишімбаевқа "Тергеу изоляторында өз-өзіңізге қол салғыңыз келгені рас па?" деп сұрақ қойды.

Иә, менде тергеу изоляторында мұндай әрекеттер болды, - деп жауап берді Бишімбаев.

Алайда мемлекеттік айыптаушы 5 ай бойы бейнебақылау камераларын бақылап отырғанын айтты.

Мен, Бишімбаев ұсталған сәттен бастап, 5 ай бойы жеке өзім процессуалдық прокурор ретінде тергеу изоляторының камерасына орнатылған бейнебақылау камерасын қарадым. Соған назар аударсаңыздар деймін. Осы 5 ай ішінде бірде-бір рет өзіңізге зиян келтіруге тырыспадыңыз. Сол күні куәгердің көзінше өз-өзін өлтіруге оқталу әрекеті не үшін жасалды? - деді Саяхат Нұрбеков.

Бүгінгі таңда елімізде Қуандық Бишімбаевтың соты аса танымал. Осыған дейін өткен әрбір сот процестерін тікелей эфирден кемі 10 мыңнан аса адам қараған.  

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан сот процесі 8 сәуірде сағат 10.00-де жалғасады.

Айта кетейік, кеше Бишімбаевтың кезекті сот отырысы өтті. Онда адвокат Нүкеноваға жасалған сараптама нәтижесін оқыды. Адвокат Жанна Оразбахова Бишімбаев Салтанаттың телефонының құпия сөзін білген және кейбір фотосуретті өшіріп тастағанын айтты. Сот Бишімбаевтың адвокаттарының өтінішін қанағаттандырмады.

Өзгелердің жаңалығы